Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Эссе конкурсының нәтижелері «Менің университетім - Satbayev University»

Эссе конкурсының нәтижелері «Менің университетім - Satbayev University»

2017 жылдың 8-қарашасында Ақжан Машани атын. Базалық Білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы «Жас Отан» жастар қанаты және Satbayev University тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, бірінші курс студенттері арасында «Менің жоғары оқу орным - Сәтбаев университеті» атты ең үздік эссе конкурсын өткізді.

Конкурсқа 62 қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жұмыс қатыстырылды. Конкурс комиссиясының шешімімен 1 орын – Дінмұхаммед Бақытұлына, 2 орын – Айдана Бұхарбайға, 3 орын – Самар Рахимиға берілді.

Жеңімпаздар Satbayev University тарихи-өлкетану мұражайында марапатталды. Конкурстың қатысушылары мен қонақтарға құттықтау сөзімен тарихи мұра орталығының бас маманы Өмірбеков А.А. және конкурс комиссия төрағасы Мендикулова Г.М. ашты. Қ.И. Сатпаевтың немересі, Қазақстан Журналистер Одағының жүлдегері Н. Жармағамбетов естеліктерімен бөлісті.

Конкурстың қонақтарына алғыс білдіріп, Satbayev University тарихи-өлкетану мұражайы орталығының директоры Ш. Оқашева сөз сөйледі және конкурсқа қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы А.О. Тойлыбаев іс-шараға белсенді қатысқан студенттерге алғысын білдірді.

380
9 қараша 2017
Наверх