Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Fluor Kazakhstan Inc компаниясының стипендиаттары

Fluor Kazakhstan Inc компаниясының стипендиаттары

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Химиялық және биологиялық технологиялар институтының студенттері –  Сырлыбай Аяжан, Демеубаева Нурикамал, Кинаятова Мадина«Fluor Kazakhstan Inc»инжинирингтік компаниясының атаулы стипендиат иегерлері атанды. «Fluor Kazakhstan Inc» америкалық компаниясы мұнай өңдейтін, химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі саласында жобалау, құрылыс, техникалық қамсыздандыру бойыншақызметтерінұсынатын әлемдегі ең ірі инжинирингтік корпорацияның бірі болып табылады.  Көптеген жылдар бойыкомпания университеттің талантты студенттерінедемеушілік жасап келеді, оның ішінде химиялық және мұнай-химия мамандықтары бойыншастуденттер үшін жыл сайын атаулы стипендия бөліп отырады.

Стипендия сертификаттарын Fluor Kazakhstan Inc директоры Крис Родд (Chris Rodd), адам ресурстарын басқару жөніндегі бөлімнің қызметкеріЛаура Гаммаева, сонымен қатар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Ринат Искаков табыс етті.

«Химиялық технология» кафедрасы

981
15 маусым 2017
Наверх