Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Foodmaster компаниясының операторлары ҚазҰТЗУ-да шеберліктерін шыңдауда

Foodmaster компаниясының операторлары ҚазҰТЗУ-да шеберліктерін шыңдауда

2017 жылғы тамыз айының алғашқы күндері ҚазҰТЗУ-дағы Қазақстан-Француз оқу орталығы Foodmaster компаниясының мамандары үшін үш күндік шеберлік курстарын өткізді. Оқу барысында мамандар Schneider Electric жабдықтарының диспетчерлік басқару жүйесі және мәлімет жинау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ сырттай бақылаушы Vijeo Citect жүйесінің жұмыстары, Unity Pro бағдарламасының өңделу ортасы және Modicon M340 бақылаушы құрылғының жұмыстарымен танысу да осы оқу курсының бағдарламасына енген болатын.

Modicon M340 бақылаушысы нақты уақытта кез келген технологиялық үдерістер мен өте күрделі жабдықтарды басқаруға (мысалы, ауыр жүк көтергіш машиналар) көмектеседі және бір миллисекундта 7 мыңға жуық нұсқаулықтың орындалуын іске қосуға мүмкіндік береді. Ал Vijeo Citect бағдарламасы мен Unity Pro өңделу ортасы сол нұсқаулықтарды жасауға және оның жұмысының барлық технологиялық үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Курстық оқу нәтижесінде Foodmaster компаниясының мамандары нағыз Modicon M340 бақылаушыларымен жұмыс жасады, Vijeo Citect бағдарламасы бойынша жұмыс жасаудың стандартты 5 тілін үйренді, Unity Pro бағдарламасын меңгерді, сонымен қатар орталықтағы оқытушылардың басқаруымен бірнеше практикалық жұмыстар орындады, бағдарламалардағы қателіктерді талдауды үйреніп, өздерінің нақты объектілерге арналған бағдарламаларын жасауға машықтанды.

Сондай-ақ Vijeo Designer сенсорно-графикалық терминалымен практикалық жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінді, бұл терминал өнеркәсіпте қолданылатын Magelis XBT GT 5330 және HMI GTO 2330 терминалдарында сыртқы бақылау жүргізу үшін қосымшаны жасауға арналған.

Оқу курсының соңында қатысушылар тест тапсырып, соның нәтижесі бойынша олар Schneider Electric компаниясының сертификаттарына ие болды.

583
31 тамыз 2017
Наверх