Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
«Innovations & Intelligence» олимпиадасының қорытындысы

«Innovations & Intelligence» олимпиадасының қорытындысы

2018 жылы 28 сәуірде бағдарламалау бойынша өткен «Innovations & Intelligence» (I2) олимпиадасы т.ғ.д., профессор Д.Н. Шукаевтың 75 жылдығына арналды. Олимпиаданы Сәтбаев университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы Алматы қаласының физика-математикалық бағытта білім беретін мектептерінің 10–11-сынып оқушылары арасында ұйымдастырып өткізді.  
Оқушылар үш номинация: «Бағдарламалау», «Ғылыми жоба» және «Еркін жоба» бойынша жарысқа түсті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

«Бағдарламалау» номинациясы бойынша
1-орын – Әбілханов Алмас, «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушысы;
1-орын – Баймұқанов Абай Айдарұлы, КАҚ  РФММ-нің оқушысы;
3-орын – Бауыржанұлы Арафат, «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушысы.

«Ғылыми жоба» номинациясы бойынша
1-орын – Әлібеков Алмат Ерланұлы және Құттымұрат Санжар Мұхтарұлы, № 24 лицей оқушылары;
2-орын – Тұрғамбаев Дәулет,  КАҚ  РФММ-нің оқушысы.

«Еркін жоба» номинациясы бойынша
1-орын – Усольцев Дмитрий, КАҚ  РФММ-нің оқушысы;
2-орын – Кареткин Данил Владленович КММ №71 мектеп-лицейінің оқушысы;
3-орын - Қалиев Әлібек Таймұратович, ФМБ НЗМ-нің оқушысы.

Олимпиадаға Алматы қаласының 10–11-сынып оқушыларымен қатар 7 және 8-сынып оқушылары да қатысты.

422
10 мамыр 2018
Наверх