ҚазҰТЗУ-да ақпараттық қауіпсіздік «Касперский зертханасының» ғылыми-оқу орталығы ашылды

ҚазҰТЗУ-да ақпараттық қауіпсіздік «Касперский зертханасының» ғылыми-оқу орталығы ашылды

16 мамыр күні Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасында (БОҒ, 301-ауд.) «ҚазҰТЗУ – Касперский зертханасы» ғылыми-оқу орталығының ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Бұл салтанатты іс-шараға Орталық Азия мен Моңғолиядағы «Касперский зертханасының» басқарма директоры Евгений Питолин мен компанияның жетекші мамандары қатысты.

Ғылыми-оқу орталығының басты мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік саласында қазақстандық мамандарды халықаралық дәрежеге сай етіп даярлау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер бағытын жан-жақты кеңейту.

Аталмыш зертхананың Университетте ашылуы арқасында енді студенттер назарына элективті курстар ретінде ақпараттық қауіпсіздік саласында қазіргі заманғы үрдістерді айқындайтын пәндер ұсынылатын болады. Бұл ерекшелік ҚазҰТЗУ түлектеріне еңбек нарығындағы ІТ-мамандықтары бойынша бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.   

лабаратория в казниту

лабаратория в казниту

277
17 мамыр 2017
Наверх