Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
ҚазҰТЗУ-да жасалған болашақ гидростанциясы ЭКСПО-2017 де көрсетілуде

ҚазҰТЗУ-да жасалған болашақ гидростанциясы ЭКСПО-2017 де көрсетілуде

ҚР –ына еңбегі сіңген өнертапқыш, ҚазҰТЗУ профессоры Жүзбай Қожабайұлы Қасымбеков жасаған гидроэлектростанция жобасы басқа да 28 отандық ең озат экспонаттар қатарында ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсету үшін үкімет шешімімен таңдап алынған болатын.

 Жоба көрменің орталық павильоны Сфераның бірінші этажында қойылған, ал оның басқа этаждарында Қазақстан Павильоны мен Энергия Музейі орналасқан.

 Бұл дүниежүзіндегі ең үлкен сфера тәрізді ғимарат болып есептеледі. Жалпы диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метрді құрайды. Екінші этаж су ресурстарының энергиясын пайдалану технологияларына арналған. Су энергиясы – дүниежүзіндегі ең көлемді пайдаланылатын қуат көзі болып танылады.Бірақ ол алыс жатқан шалғай аудандарға әлі кең түрде тарала қойған жоқ. Таулы жерлердегі құрылыс шығындары едәуір қаражатты талап етеді. Осы проблемаларды тиімді жолмен шешу – Қасымбеков жобасының негізгі мақсаты.

 Ұсынып отырған жоба құрылыс жұмыстарына кететін қаражат шығындарын 15-20%-ға азайта алады. Осылайша әр елді мекенде мини ГЭС салуға мүмкіндік туады. Құрамындағы жаңа гидроциклондық су торабы берілетін судан құмды 96-98%-ға дейін тазалай алады, осының арқасында гидротурбина қажалудан сақталады,жұмыс істеу мерзімі ұзарады. «Шағын деривациялық гидроэлектростанция» жобасы жылдың үздік өнертабысы ретінде Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының (WIPO) сертификаты мен медаліне ие болған.

Көрмеде жоба моделі мен мультимедиялық хабар экраны қойылған. ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталуына әлі бір ай уақыт бар, барып көремін, жұмысымен танысамын деушілерге есік ашық!

799
11 тамыз 2017
Наверх