ҚазҰТЗУ-дың студенттері робототехника бойынша чемпионат жүлдегерлері!

ҚазҰТЗУ-дың студенттері робототехника бойынша чемпионат жүлдегерлері!

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында 2017 жылдың 29-30 сәуір аралығында Ғылыми-техникалық, шығармашылық және робот техникасы бойынша Алматы қалалық 4-ші ашық чемпионаты өтті. Ашық чемпионатқа Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженериясы институтының «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасының ұстаздарының жетекшілігімен ҚазҰТЗУ-дың атынан бірнеше команда қатысты. Чемпионатқа жалпы саны 210-нан астам ғылыми жобалар қатысып, «Приборист» командасының мүшелері жүлделі 3-ші орынға ие болды: Еламан Мертай, Мустафа Бермагамбетов. «Старк» командасының мүшелері 4-орынға ие болды: Батырхан Сулеймен, Мухаммед Гарифулла, Толкын Рахметжанова.

1

Ақпарат көзі: «Роботты техника және авоматиканың техникалық құралдары» кафедрасы
511
10 мамыр 2017
Наверх