Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
ҚазҰТЗУ Қазақстан үшін ғимараттарды ақпараттық үлгілеудің технологиясын ашуда

ҚазҰТЗУ Қазақстан үшін ғимараттарды ақпараттық үлгілеудің технологиясын ашуда

Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының басшылығы (СжҚИ)  Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорының қолдауымен жобалау мен құрылыста BIM-технологияларын интеграциялау үшін студенттер мен сәулетшілерді даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстар бастады.

BIM (Building Information Modeling) – 90 жылдардың ортасында құрылғанмен, қуатты компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің пайда болуынан бастап қана XXI ғасырда жүзеге асырылған жобалаудың принципті жаңа тәсілі.

Бұл тәсілдің мәні құрылыс жобасына тек сәулетшінің әзірлемелері ғана емес, тұтас мамандар тобының жұмыс нәтижелері кіреді. Бір-бірімен байланысты деректердің үлкен ауқымы 3D үлгіге айналдырылып, шынайы уақыт режимінде өңделеді, бұл сәулетшіге және оның командасына жаңа деңгейде жоба бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді және ғимараттың өмірлік циклын тұрғызудың, жабдықтаудың, пайдаланудың және басқарудың бүкіл тәсілін түбегейлі өзгертеді.

Құрылыс индустриясын BIM-ді меңгерген білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін университет басшылығы СжҚИ базасында BIM-технологиялары бойынша мамандануы бар бір жылдық бейінді магистратура ашу, сондай-ақ 2017 жылы «Сәулет» мамандығының студенттері оқу жоспарларына «BIM-технологиясының негіздері» пәнін енгізу туралы шешім қабылдады. Оқытуға сарапшылардың дәрістері, жұмыстарында BIM-ді қолданатын жобалаушы-практикадан өтушілер курстары, бағдарламалық қамтамасыз етуге және құрылыс практикасына маманданған өнім берушілер компаниясының бейінді курстары кіретін болады.

Қ.И.Сәтпаев атындағы университет Қазақстанда BIM-технологияларын енгізуде көшбасшы болды. Осылайша, 2016 жылғы қарашада СжҚИ-дің 16 оқытушысы сынақ тапсырып, сертификат ала отырып, «BIM туралы ең бастысы» бағдарламасы бойынша оқытудан өтті. Жарты жылдан кейін 2017 жылғы сәуірде ҚазҰТЗУ-да ТМД-да бірінші рет BIM-технологиялары бойынша Форум өтті, оған BIM-технологиялары саласындағы жетекші құрылысшы-практикадан өтушілер мен сарапшылар шақырылды.

Осы жылы сәуір айының аяғында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында «Сандық Қазақстан: сәулеттегі және құрылыстағы BIM-технологиялар» І Халықаралық инновациялық форум өтті. Форум құрылысшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдері кездесіп, BIM-технологияларын енгізу мен қолданудың өзекті мәселелерін талқылаудың, тәжірибе алмасып, өзара  қарым-қатынастарын реттеудің алғашқы алаңына болды. Форум  шеңберінде баяндамалар, шағын тұсаукесерлер және пікірталастар, жобалаушы-практикадан өтушілердің шеберлік-сыныптары, BIM-үлгілерінің демонстрациясы мен студенттердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуі ұйымдастырылды.

 

 

880
28 шілде 2017
Наверх