Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
ҚазҰТЗУ оқытушылары Черчилль колледжінде, Кембридж жаңа технологияларды игеруде

ҚазҰТЗУ оқытушылары Черчилль колледжінде, Кембридж жаңа технологияларды игеруде

2017 жылғы 1 – 16 шілде аралығында ҚазҰТЗУ қызметкерлері Ұлыбритания Кембридж университетінің Черчилль колледжінде (Churchill College, Cambridge University) біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 13 оқытушы High Performance computing бағдарламасы және 1 қызметкер Bespoke Intensive Language Teaching Program бағдарламасы бойынша оқыды.

High Performance computing тағылымдамасының бағдарламасы шынайы объектілер туралы деректердің көп мөлшері негізінде жасалған үлгілерге ғылыми тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи құралдарда бұлтты платформа шеңберінде жоғары өнімді есептерге шоғарыландырылған. Оқытушылар практикада Лондонның темір жол көлігі желісі және Стенстед әуежайы мысалында Business-Intelligence, Smart Traffic Control, Air Traffic Control арналған деректерді өңдеу, басқару және визуализациялаудың ең соңғы әдістерімен танысты. Деректерді зерттеуге және Azure ML (сондай-ақ Passau жобасы сияқты танымал) машиналық оқыту платформасы арқылы болжамдары бар аналитика есебіне (predictive analytic) көп уақыт жұмсалды. 

Кембридж университеті – өзінің 800-жылдығын атап өткен әлемнің ең көне оқу орындарының бірі. Университетте әлемнің 80 елінен келген 10 мыңнан аса студент пен 5 мыңнан аса аспирант оқиды. Біздің оқытушыларымыз тағылымдамадан өткен Черчилль колледжі америкалық Массачусетс технологиялық институтының баламасы ретінде құрылған және 50 жыл ішінде әлемдегі ең мықты техникалық колледждердің біріне айналды. Тағылымдама шеңберінде ҚазҰТЗУ оқытушылары өздерінің күнделікті жұмыстарына енгізіп жатқан баға жетпес тәжірибе алды.

ҚазҰТЗУ Базалық білім беру институтының директоры Айгуль Саренова әңгімеледі:

«Мен тілдерді оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге бағытталған жекелеген бағдарлама бойынша екінші рет бардым. Мен бұрын Кембридждің тіл орталығының директоры болған Энни Кингпен жұмыс істедім, ол - сынып сабақтары мен онлайн оқытудан тұратын біріктірілген оқыту түрін алғашқы енгізгендердің бірі. Сонымен қатар, Эннимен бірге осы технологияны бізде ҚазҰТЗУ-да кезең-кезеңмен енгізу жоспарын әзірледік, семестр көлемінде сайтқа материалдарды дайындаймыз және жарты жылдан кейін студенттеріміз жаңа әдістеме бойынша тіл үйрене алады».

1010
7 тамыз 2017
Наверх