Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
ҚазҰТЗУ және Penn State ғылыми жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге келді

ҚазҰТЗУ және Penn State ғылыми жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге келді

22 – 23 маусымда Пенсильвания штаты (Pennsylvania State University) университетінің өкілдері Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға іссапармен келді. Кездесуге ҚазҰТЗУ-дың ғылым жөніндегі проректоры Мурат Орунханов, Penn State мұнай және табиғи газды әзірлеу жөніндегі бағдарлама төрағасы Рассел Т. Джонс және жоғарғы оқу орын арасындағы үйестіруші Сергей Львов қатысты.

Кездесудің негізгі мәселелері әлеуетті ортақ болуы мүмкін жобалар туралы ақпарат алмасуға, сондай-ақ зерттеулерге қажетті материалдық-техникалық базаға қатысты болды. Кездесуге қатысушылар бұрғылау аппаратының симуляторы бар бұрғылау орталығына және нономатериалдар зертханасына барды, болашақта жұмыс істеу үшін алдын ала таңдалған материалтану, «таза энергия және мұнай әзірлеу» саласында 25 жобаны талқылады.

Пенсильвания университетімен ынтымақтастық туралы келіссөздер сәуір айының аяғында Қ.И.Сәтпаев атындағы Университет делегациясының АҚШ-қа іссапармен баруы кезінде басталды. Бірлескен жобалар туралы ауызша келісім жасалды және болашақта бірге жұмыс істейтін профессорлардың қарым-қатынас үдерісі басталды.

«Бұл университетпен қарым-қатынас жасаудың бірінші кезеңі – ресми емес» - деді ғылым жөніндегі проректор Мурат Орунханов. – Біз ең алдымен ынтымақтастық мүмкіндігін анықтап, тікелей араласу жолдарын іздестіреміз. Үдеріс «төменнен» бастап жүреді. Екі университеттің оқытушылары өзара қарым-қатынас орнатуда, ортақ ғылыми жоба жасауда. Біз дайын жобаға қаржыландыру іздестірудеміз, содан кейін бірақ ресми келісім жасасамыз».

Пенсильвания университеті – әлем университеттерінің академиялық рейтінгісінде 58-орын алатын, АҚШ-тың беделді зерттеу университеттерінің бірі. Бұл мемлекеттік оқу орны болғандығына қарамастан, ондағы білім беру сапасын Лига Плющаның (Гарвард, Йель, Колумбия университеті сияқты) атақты университеттерімен салыстыруға болады. Осындай құрметті оқу орнымен ынымақтастық орнату ҚазҰТЗУ магистранттары мен докторанттарына ғылыми зерттеулердің батыс стандарттарын меңгеруге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде біздің өнеркәсібімізді Penn State университетінің ғылыми зерттеулердің  бірегей тәжірибесін меңгерген болашағы зор кадрлармен байытады.

716
4 тамыз 2017
Наверх