«ҚБТУ» АҚ-да – жаңа президент

«ҚБТУ» АҚ-да – жаңа президент

«ҚБТУ» АҚ-ның Директорлар кеңесі отырысының 15.05.2017 ж. № 2 шешімі бойынша Бармағамбетов Бақытжан Зиуадинович ҚБТУ Президенті лауазымынан босатылды.

ҚБТУ Президенті және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Ибрашев Кенжебек Ниязович тағайындалды (27.04.2017).

Ибрашев Кенжебек Ниязович 1981 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы мен газ өнеркәсібі институтын «Мұнай және газ ұңғымасын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Бұған дейінгі лауазымы: «PSA» ЖШС-нің Бас директоры.

Туған күні: 14.07.1958.
Туған жері: ҚазССР, Гурьев облысы, Балықшы поселкесі.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. 

Еңбек өтілі:
·      Прикаспий мұнай барлау экспедициясында дизелист, моторист (1975);
·      «Ембімұнай» ӨБ-нің Балықшы бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы, бұрғылау шебері, РИТС бастығы, бөлім бастығы, бас технолог (1981-1988);

·     Прикаспий мұнай барлау экспедициясының бас инженері (1988);
·     Бас инженер, «Ембімұнай» ӨБ-нің Балықшы БЖБ-ның бастығы (1988–1993);
·     «Қазақстанкаспийшельф» АҚ-ы Атырау филиалының директоры (1993–1996);
·     «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-ның барлау жөніндегі вице-президенті (1996-1997);
·     «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-ның Президенті (11.1997–11.1998);
·     «ОКIOС» консорциумының әкімшілік менеджері, бизнесті қолдау жөніндегі менеджері (11.1998–08.2001);
·     «Agip KCO» компаниясының  бизнесті дамыту жөніндегі менеджері, жаңа жобалар бойынша аймақтық директоры (08.2001–2005);
·     «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның бас директоры (2005–2006);
·     «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның барлау және өндіру жөніндегі вице-президенті (2007–05.2009);
·     «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ-ның бас директоры (05.2009–04.2012);
·     «Kazenergy» ассоциациясының Төраға кеңесшісі (2012–2013);
·     «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еншілес компаниясы  «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның бас директоры (04.2011–2013);
·     «PSA» ЖШС-нің бас директоры (2013 жылдан бастап).

Басқа да лауазымдары:
·    «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ-ның (06.2009 жылдан бастап), «Каспиймұнай» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазАзот» ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі; ·   Британ директорлар институтының (CertIoD) куәліктенген директоры (12.2013 жылдан бастап).

«Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай-газ кенорындарын игеру» атты кітаптың авторы.

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары мен құрметті атақтары: «Құрмет» (1997), «Парасат» (2010); III дәрежелі «Барыс» (2016) ордендері. «Қазақстан Республикасының Құрметті кеншісі» және «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері».
 

 

5719
18 мамыр 2017
Наверх