Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«My Polytech» журналының келесі нөмірі шықты!

Биылғы қыстың ерекше қатты суық болғаны бәрімізге белгілі. Десе де, қатты аяздар біздің студенттерге еш кедергі болған жоқ! Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әртүрлі жарыстарға қызыға қатысып, тиісті марапаттарға ие болды. Бұл, әрине, әр адамның бойында жігерлік қасиет бар екенін, оны пайдалану үшін тек шынайы сенімділік қажет екендігін білдіреді!

Сіз де өз бойыңыздағы күш-жігеріңізге сенетін болсаңыз, сонда ғана биік шыңдарды бағындырып, қиындықтан сүрінбей өтіп, арман-мақсаттарыңызға жететін боласыз! Оған деген өз сеніміңізді ешқашан жоғалтпаңыз!

Алда көктем келе жатыр. Көктеммен бірге келетін Махаббат сезімі сізге үнемі дем беріп, үміт пен сеніміңізді қанаттандыра түсетінін ұмытпаңыз! Журналдың бұл санында аса талантты дарын иелеріне арналған байқау жарияланды. Жеңімпаздарды тамаша сыйлықтар күтіп тұр. Ендеше іске сәт! 

My Polуtech журналының көктемгі санын жүктеу

1129
2 наурыз 2018
Наверх