Сәтбаев оқуларының нәтижелері

Сәтбаев оқуларының нәтижелері

Химия инженериясы институты: 

12 сәуір күні Қ. И. Сәтбаев атындағы Химия инженериясы институтында «Шахмардан Есеновтың ғылыми мұрасы» атты Сәтбаев оқуларының аясында «Химия мен химия технологиясының қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбында секция өтті. Аталмыш іс-шарада осы институтдиректорының орынбасары Руслан Нұрғалиев пен «Химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлжахан Елігбаева  жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

Сессия жұмысына сондай-ақ ХИИ-ның 1–4-курс студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Құрамында профессор Шолпан Кубекова (төраға); сеньор-лектор Мадина Қожайсакова; лектор Айгүл Амитова; лектор Ұлантай Нақан, Гүлнұр Ибраимова (секретарь) бар комиссия сессия нәтижесі бойынша 4-курс студенттері Тұрсынай Егіс (5В072000 – ХТНВ) пен Бегмат Елбасының (5В072100 – ХТО) ғылыми жұмыстарын ерекше атап өтіп, ең жақсы баяндамалары үшін оларға диплом табыс етті.  

 

Геология және мұнай-газ ісі институты :

12 сәуір күні Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да «Шахмардан Есеновтың ғылыми мұрасы» тақырыбында «Сәтбаев оқулары» атты дәстүрлі шара өткізілді. Осы іс-шараның ұйымдастырушылары – Қ. Тұрысов атындағы ГжМГІИ-ның «Геологиялық карта түсіру, пайдалы қазба кенорындарын  іздеу және барлау» кафедрасы мен «Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым-білім беру қоры».

Айтулы іс-шара шеңберінде ұйымдастырылған конференция алдында, дәстүр бойынша, қазақтың біртуар азаматы, ғалым-геолог Қ.И.Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Содан кейін ТКҒ-ның акт залында Шахмардан Есеновтың  туыстары мен конференция қонақтарының қатысуымен салтанатты жиын басталды. Жиында алдымен сөз алған ҚазҰТЗУ-дың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков қатысушыларды мерекемен құттықтады. Академик Шахмардан Есеновтің өмірбаяны мен ғылыми қызметі туралы және ғалым атындағы ғылым-білім беру қорының қызметі туралы қысқаша фильм көрсетіліп, осы қордың негізін салушы Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы студент-геологтар Тоғжан Абдуллаева мен Шыңғыс Сейітжановты Шахмардан Есенов атындағы стипендиямен марапаттады.

Сондай-ақ ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед Кішібеков; ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының ғылыми қызметкері Элеонора Сейтмұратова, Борис Зейлик, Вера Горяева сынды ғалымдар жылы лебіздерін білдіріп, баяндамалар жасады.

Қазақстан-француз «Геоэнергетика» орталығының директоры  Гийемен Марселен сөз сөйлеп, Лотарингия университеті (Франция)  мен Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың білім беру және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы жөнінде айтып берді.

Қоғамдық есептілік KAZRC қауымдастығының атқарушы директоры, т.ғ.к. Сәуле Оразаева «Қазақстан қоры мен минералдық ресурстарды бағалау үшін халықаралық стандарттарды енгізу» туралы баяндама жасады.

Жиынның модераторы Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай газ ісі институтының директоры Талғат Енсепбаев болды.

Үздік баяндамалар

 

 

575
18 сәуір 2017