Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Сәтбаев университеті білім көрмесіне қатысты

Сәтбаев университеті білім көрмесіне қатысты

2017 жылы 18 қарашада Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінде елдегі жетекші университеттердің қатысуымен РФММ-2017 көрмесі өткен болатын. Осы көрмеге Сәтбаев университеті «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасының оқытушылары мен студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынған еді. Көрмеге қатысушылар олардың жұмыстарына мол қызығушылық танытты. Әсіресе дауысты басқарушысы бар бионикалық қол жобасы, былайша айтқанда, қол протезінің прототипіне деген қызығушылық жоғары болды.

Сонымен қатар кафедра студенттері робот жарысына қатысып жатқан 2 сумошы-роботтың жобасы мен көрсеткен қимылдарды дереу қайталауға бейімделген манипулятор жобасын келушілер назарына ұсынды.

Ал оқушылар арасында осы көрмеден алған әсерлері туралы сауалнама жүргізуді ұйымдастырған Сәтбаев университеті Рекрутинг және түлектермен жұмыс кеңсесі оқушылардың көпшілігіне біздің университет студенттерінің жасаған жобалары ұнағанын, жоғары оқу орнын таңдау кезінде олар Сәтбаев университетіне келетіндерін айтып, нық сенім артып отыр.    

174
7 желтоқсан 2017
Наверх