Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Сәтбаев университеті еңбек қорғауға қол қойды

Сәтбаев университеті еңбек қорғауға қол қойды

Сәтбаев университетінің өкілдері 2017 жылы 8 қарашада Астана қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесу өткізді (РНИИОТ). Кездесу барысында ғылым және білім беру саласындағы еңбек пен өндірістік қауіпсіздікті қорғау туралы ынтымақтастық келісім-шарт жасалып, оған қол қойылды.

Бірлесе отырып жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттары ретінде ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, бірлескен ғылыми зерттеулер, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу мен ол туралы жарияланымдар жасау жұмыстары аталды.

Келісім-шарт аясында өндірістік іс-тәжірибеден өту үдерісі және шетелдік серіктестермен бірлесе оқу бағдарламасы да, сонымен қатар магистранттардың «Тіршілік ету қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өту үдерістерін ұйымдастыру жұмыстары да қарастырылады.

Кездесу аясында «Тіршілік ету қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі профессор К. Қасенов қауымдастырылған профессор В. Шевцовамен бірлесе отырып, РНИИОТ өкілдеріне арналған «Тіршілік ету қауіпсіздігі» кафедрасы қызметінің негізгі бағыттары мен өзара ынтымақтастықтың келешегі» атты ғылыми семинар өткізді.

1561
16 қараша 2017
Наверх