Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Сәтбаев университетінде менеджерлерге арналып, Валенсия университетімен бірлескен магистратура ашылады

Сәтбаев университетінде менеджерлерге арналып, Валенсия университетімен бірлескен магистратура ашылады

2018 жылдан бастап Сәтбаев университетінде жобалау менеджменті саласы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы ашылады. Бұл бағдарлама жобаларды ұйымдастыру мен оларды сәтті басқаруды үйренгісі келетін мамандарға арналған. 

Сонымен, project management дегеніміз не? Қысқаша айтқанда, мұндай бағдарлама аз ғана уақыт ішінде шектеулі шығынмен қажетті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Ол үшін жобамен айналысатын кәсіби мамандар тобын құрып, олардың жұмысын ұйымдастыра білу керек, әрі қажетті жаңа технологияларды енгізіп, басқарушылық шешімдерді дер кезінде қабылдай білу керек.

Осыған орай Сәтбаев университеті тамаша мүмкіндік  – Project Management бағдарламасы бойынша бірден екі елдің дипломына ие болып, халықаралық білімге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.

Бағдарламаны толық аяқтаған кезде студенттер алдымен Валенсия политехникалық университетінің дипломын алады. Бұл – Европадағы ең  әйгілі, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі, Испанияның ең үздік 7 университетінің қатарына кіреді. Ал екінші диплом – Сәтбаев университетінің дипломы, ол QS World University Rankings 2018 бойынша дүние жүзінің ең үздік 500 университетінің қатарына кіреді.

Екі жоғары оқу орнының магистратурасы – осы саланың мамандары ойластырған инновациялық және пәнаралық бағдарламалар, бұл бағдарламалар өз еңбек жолдарын енді ғана бастап келе жатқан жас жоба менеджерлері мен кәсіби мамандарға тапсырмас білім бұлағы, әрі рухани азық болып табылады. Оның үстіне студенттер өз қалауларынша Сәтбаев университеті қабырғасында жүріп те оқи алады, сондай-ақ Валенсия политехникалық университетінде қашықтықтан да білім ала алады.  

Бағдарламаны оқып бітірген студенттер жаңа саладағы тапсырмас тамаша маман иелері болып шығады. Олар өз жобаларын басқарудың тиімді жүйесін құрып, басқару жүйесінің барлық мәселелері мен тәуекелдерін оңтайлы түрде шеше алатын болады, әрі тиімді стратегиялық мәселелерді өңдеу құралдарымен жете танысып, жоспарлау, бақылау және бюджет жасау саласының қазіргі заманғы тиімді әдістерін үйреніп шығады. Сонымен қатар студенттер жоба барысында топ болып жұмыс жасауға, уақытты үнемдеп, барынша аз ресурстар пайдаланып, аз шығындалуға үйренеді. Сөйтіп, жобаларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен оңтайлы ақпараттық жүйесін қазіргі заманға сай етіп таңдау жолдарын біліп шығады.

Студенттерге біздің елде де, шетелде де нақты жобаларын іске асырған тамаша практик-мамандар білім береді. Ал оқу үрдісі Жобаларды басқару институты (Project Management Institute, Пенсильвания, АҚШ) мен ІРМА (Жобаларды басқарудың халықаралық ассоциациясы) стандарттарына сәйкес жүреді де, бітіргеннен кейін студенттер дүние жүзінің кез келген елінде жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Қос дипломды Рroject management магистратура бағдарламасы шын мәнінде де өз еңбек жолын басқарушылық қызметпен байланыстырғысы келетін, әрі қызметтік мансабын көтергісі келетін кәсіби мамандарға, сондай-ақ өз компанияларында жобаны басқару элементтерін енгізгісі келетін қазіргі басшыларға арналған.

Бағдарлама координаторы:
+7 (777) 398 18 61
ddp@satbayev.university

305
28 мамыр 2018
Наверх