Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Сәтбаев университетінде терроризмнің алдын алу жөнінде студенттік кездесу өтті

Сәтбаев университетінде терроризмнің алдын алу жөнінде студенттік кездесу өтті

Химиялық және биологиялық технологиялар институтының Химиялық технологиялар кафедрасының 2 курс докторанттары Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Сәтбаев Университетінің жатақханасында тұрып жатқан студенттерге арналған  эдвайзерлік кеш өткізді.

Кештің бірінші бөлімінде қазақ халқының ән-күйі шырқалып, атаның балаларына айтқан өсиетінен көрініс көрсетілді. Екінші бөлімі айрандай ұйып отырған Қазақ еліне жат діни ағымдар іріткі салмауы мақсатында, Қазақстанның келешегі - жас студенттерге ақпарат берумен жалғасын тапты. Кеш ұйымдастырушы докторанттар діни экстремизм мен терроризмнің азаматтығы жоқ екенін көрсетіп, оның кез келген әлеуметтік ортаға оңай енетінін көрсетті.

Сондықтан, жас ұрпақтың халықаралық лаңкестік жайлы жан-жақты білуі ерекше өзекті болып табылады. Кешке жоғары және төмен курстардың студенттері қатысып, қазақтың мол дастарханынан дәм татты.

Кешке проректор Искаков Р.М. мырза, институттың директоры Туйебахова З.К., кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер және студенттер қатысты.

1555
20 қараша 2017
Наверх