Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Сәтбаев университетінің құрметті арулары!

Сәтбаев университетінің ректоры Ескендір Бейсембетов  Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Көктемгі осы тамаша мереке Сіздерге көңілді күй, шаттық сезім мен мол қуаныш сыйласын! Дәл осы көктемде басталған жаңа ғылыми бастамаларыңыз биік жетістіктерге жетелеп, еліміздің ғылымына қосқан сүбелі үлестеріңізге айналсын!

Қазақстан әйелдері – қашан да ұлтымыздың игілігі мен мақтанышы. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз әрбір отбасының негізгі тірегі бола отырып, тұтастай еліміздің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Есімдері елге әйгілі атақты ғалымдармен, инженерлермен, математиктермен, физиктермен, биологтармен қатар Сіздердің де есімдеріңіз ел тарихынан өзіндік орнын ала берсін! Сондықтан да Сіздердің әр бастаған істеріңізге сәттілік пен еңбектеріңізге мол табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!

Игі тілекпен,

Сәтбаев университетінің ректоры

Ескендір Бейсембетов 

852
7 наурыз 2018
Наверх