Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Сәтбаевуниверситетінің студенттері «Спорттық Алматы»қалалық біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріатанды

Сәтбаевуниверситетінің студенттері «Спорттық Алматы»қалалық біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріатанды

28 қаңтарда Алматы қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Спорттық Алматы» жарысы аясында тоғызқұмалақ және шахмат бойынша жарыстар аяқталды. Жекелей сайыста (67 қатысушы) біздің студенттер топ жарды:

1 орынды – тоғызқұмалақ бойынша Қуанышпаев Ерасыл, Тау-кен металлургия институтының (5В070500) 1 курс студенті;

2 орынды – тоғызқұмалақ бойынша Нұрлыбаев Манас, Сәулет және құрылыс институтының (5В073000) 3 курс студенті;

3 орынды - шахматтан Иманғалиев Нұрболат, Тау-кен металлургия институтының 2 курс магистранты иеленді.

Спорттық клуб жаттықтырушылары Жуашев Ермек Оразәліұлы (тоғызқұмалақтан) мен Нығметов Әлібек Жарденұлы (шахматтан) жүлдегерлерді дайындады. Осы спорт түрлері адамның ой қабілетінің дамуы, стратегиялық және тактикалық қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, есте сақтау қабілетін аттырады. Барлық осы қасиеттер  техникалық университетте оқитын студенттер үшін қажет.

926
5 ақпан 2018
Наверх