Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Satbayev University оқытушысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы атанды

Satbayev University оқытушысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы атанды

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы Химиялық және Биологиялық технологиялар институты «Химиялық технологиялар» кафедрасының сениор-лекторы Рафикова Хадичахан Сабиржановнаны құттықтаймыз. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылған және тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, жерлестерімізді көпшілікке танытуға арналған.  

2017 жылдың 07 маусымнан 15 қыркүйек аралығында жұмыс тобының хатшылар алқасына жобаға қатысу үшін өтініштер жіберілді. 15 қыркүйекте 2000 өтініш қабылданды және оның ішінде 302 жоба ғана ары қарай халықтық дауыс берілуіне жіберілді.     

18 қазан мен 10 қараша аралығында жобаның ресми сайтында халықтық дауыс беру өтті. 302 кандидат тізімінде әртүрлі маман иелері болды, олар мәдениет және өнер өкілдері, денсаулық сақтау және ғылым өкілдері. Барлық кандидаттар 6 негізгі қызмет саласына бөлінді: ғылым – 45 кандидат, спорт – 42 кандидат, қоғам – 85 кандидат, медицина – 46 кандидат, мәдениет – 37 кандидат, бизнес – 47 кандидат.

Казақстандықтардың ары қарай дауыс беру нәтижелері бойынша 302 кандидаттың ішінен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» ұлттық жобасына 100 жеңімпаз таңдалынды. Жобаның 100 жеңімпазы ішінен 9 қатысушы негізгі спикер ретінде таңдалынды және сол 9 кандидаттың ішінен Сәтбаев Университетін таныстырған – Рафикова Хадичахан Сабиржановна Мемлекет Басшысының алдында сөз сөйледі.

2017 жылдың 1 желтоқсанында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» форумын Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы ашты. Мемлекет басшысы халықтардың дамып, жаһандық үрдістерге бейімделуінің әлемдік тәжірибелері жөнінде ой бөлісті: «Сіздер байқаудың іріктеу турынан өттіңіздер. Дауыс беру интернет арқылы жүргізілді. Сіздер – бірегей тұлғасыздар. Тәуелсіздігіміз сіздерге таланттарыңызды шыңдап, болашаққа жол салуға мүмкіндік берді. Сіздер өскелең ұрпаққа үлгі боласыздар». Нұрсұлтан Назарбаев жобаның соңында барлық жеңімпаздарын «батыр» деген атаққа лайықсыңдар деп сөзін аяқтады.

Рафикова Хадичахан Сабиржановна жоба жеңімпаздарының қатарына лайықты кірді. Ол ион сұйықтықтығы негізінде гидрогенизация процесі үшін әмбебап катализаторын әзірледі. Бұл жұмыс жасыл технологиялар категориясына кіретін мұнай өңдеуге арналған бәсекеге қабілетті технологияларды құрудың негізі болып табылады.

Бұл тақырып бойынша Рафикова Х.С. Америкалық Қормен CRDF (Civilian Research and Development Foundation) Қазақстанға бөлінген 10 гранттың біреуін жеңіп алуға мүмкіндік алған. Ол ғылыми процестің әрбір кезеңінде (идеяны өзінен, эксперимент арқылы заттардың іріктелуінен бастап, соңғы өнімді алуға дейін) қоршаған ортаға зиян келмес үшін жұмысының «жасыл» химия талаптарына жауап беретінін бірден анықтады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы үш негізгі мақсатқа сүйенді. Бірінші мақсат – Қазақстанның дамуына, әрбір жаңа белесті бағындыруына үлес қосып жатқан, ел тарихын жасауда тікелей үлес қосып жатқан тұлғалармен қоғамды таныстыру; екінші мақсат - оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру; үшінші мақсат - «100 жаңа есім» жобасының әр өңірде баламасын құру.

«100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихына арналған. Бұл жобада Қазақстанның әр түрлі өңірінде өмір сүретін, әр түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің табысы, табысқа жету жолдары баяндалды. Олардың ел дамуына қосқан үлесі, бүгінде қосып жатқан пайдасы баяндады және сол адамдардың тарихы мен өмір жолдарынан қазіргі қазақ қоғамын тануға болады.

891
5 желтоқсан 2017
Наверх