Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Satbayev University профессоры XVII Халықаралық  жас ғалымдар конференциясына қатысты

Satbayev University профессоры XVII Халықаралық жас ғалымдар конференциясына қатысты

Химиялық және биологиялық технологиялар институты «Биотехнология» кафедрасының ассоциирленген профессоры Малахова Наталья Петровна «Еуразия ормандары – Волга ормандары» XVII Халықаралық  жас ғалымдар конференциясында жетекші ғалым және  «Орман биотехнологиясы» секция төрағасы ретінде қатысты.

2017 жылдың қазан айының 2-7 аралығында  Қазан қаласында (Ресей) «Еуразия ормандары – Волга ормандары» XVII Халықаралық  жас ғалымдар конференциясы  профессор Г.Ф. Морозовтың 150 жылдығына, Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің 95 жылдығына және Ресейдегі экология жылына арналды. 2001 жылдан бастап жыл сайын Ресей, Белорусь, Польша, Финляндия, Украина, Венгрия, Қырғызстан, Литва мемлекеттерінде «Еуразия ормандары» конференциясы өтеді.

Жобаны жүзеге асыру барысында конференцияға әлемнің 36 елінің ғалымдары қатысты. Соңғы кезде Орталық және Шығыс Еуропадағы орман, орман ғылымы және орман жайлы білім беру мәселелерін қарастыратын ірі жас ғалымдар конференциясы болып табылады. Сонымен қатар, сілтемелі белгі көрсеткіші бар Ресейлік және шет елдік ғылыми басылымдар қатарына жатады. 

Конференция бағдарламасында пленарлық және секциялық ғылыми баяндамалардан басқа, Арқалық орман шаруашылығында (орман дақылдары мен питомниктерге бару) ғылыми-тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

Ғылыми – тәжірибелік сабақтар барысында Волга-Кама мемлекеттік табиғи биосфералық резерватын, Волга орман шаруашылығы (Волга өзенінің оң жағалауындағы су қорғау ормандарына бару), Сабин орман шаруашылықтарын танымдық экскурсия жүргізді.

391
10 қараша 2017
Наверх