Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Сәулет және құрылыс институты Қазақстанда ВІМ-технологияны дамытуда

Сәулет және құрылыс институты Қазақстанда ВІМ-технологияны дамытуда

Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты сәулет және құрылыс саласында инновациялық әдістерді одан әрі дамытуда. Өткен жылдың желтоқсан айында BIM-технологияларды дамыту шаралары аясында «Сәулет» кафедрасының оқытушылары мен магистранттары Autodesk Revit бағдарламасында ғимараттарды ақпаратты модельдеу бойынша 9 модельдік курстан өтті.  Stepik курсын Альберт Сумин бастаған мәскеулік сәулетшілер тобы жасаған. Бұл курсты еңбек жолын енді ғана бастаған сәулетшілермен қатар тәжірибелі мамандар да қолдана алады, әрі ол ВІМ-жобалаумен егжей-тегжейлі түрде толықтай танысуға мүмкіндік береді.

Курстан өткен оқытушылар мен магистранттар ғимараттарды ақпаратты модельдеу әдісін жан-жақты пайдаланып, тәжірибелі қолданушыларға айналды. Курсты оқып біткеннен кейін оларға KAZGOR жобалау академиясының сертификаттары тапсырылды.

Қазіргі таңда Қазақстанда BIM-технологияларды білім беру бағдарламалары мен зерттеу жұмыстарына енгізу жөнінде Сәулет және құрылыс институты бастамашылардың бірі болып отыр. Қазақстанда алғаш рет «BIM-технологиялар форумы» 2017 жылдың көктемінде осы Институт базасында өткен болатын, оның кезекті сессиясы үстіміздегі жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Ал оның ұйымдастырушылары – Сәтбаев университеті мен KAZGOR жобалау академиясы.        

907
4 қаңтар 2018
Наверх