Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Сіздерді Қазақстанның ең таңдаулы техникалық жоғары оқу орындарының біріне түсулеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздерді Қазақстанның ең таңдаулы техникалық жоғары оқу орындарының біріне түсулеріңізбен құттықтаймыз!

Құрметті бірінші курстың студенттері!

Сіздерді Қазақстанның ең таңдаулы техникалық жоғары оқу орындарының бірі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетіне сәтті оқуға түсуіңізбен құттықтаймыз!

Сіздердің Университеттегі өмірге бейімделуіңіз және ҚазҰТЗУмен танысуыңыздың процессін жеделдету үшін 2017 жылғы 14-18 тамыз аралығында өтетін «Бағдарлау аптасына» (іс-шаралар бағдарламасы қоса беріледі) қатысуыңызды ұсынамыз.

Бағдарлау аптасына:

- ағылшын, қазақ/орыс тілдері бойынша диагностикалық тест тапсыру;

- ID-картаны (рұқсаттаманы) және ақпар-кітапшаны алу;

- жатақханада тұру үшін өтінішті (басқа қаладан келгендерге) рәсімдеу;

- Базалық Білім беру Институтының басшылығымен кездесу;

- «Оқудың кредиттік технологиясы және Университеттегі тәртіптің этикасы», «Университеттегі спорттық өмір» және «Өзіңнің негізгі құқықтарымды білу – сәтті мансаптың кепілі» тақырыбындағы дәрістер;

- біздің Университеттің ең үздік студенттерінің өзінің тәжірибесімен бөлісу және құнды кеңестер беру бойынша бірнеше мастер-класстары;

- студенттік ұйымдардың өзінің қызметі туралы презентациялары;

- Тарихи мұражай және Университеттің Ғылыми Кітапханасы бойынша экскурсия кіреді.

Дәрістер мен  мастер класстар 14-18 тамыз аралығында 3 рет, диагностикалық тест 10-18 тамыз аралығында күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізілетін болады.

Нәтижесі бойынша тілдерді меңгеру деңгейіне байланысты топтар қалыптастырылатын  диагностикалық тесті өтудің маңыздығын атап өтуіміз келеді. Сәтті өту үшін нұсқаулықпен танысуларыңызды және http://sso.kaznitu.kz сілтемесі бойынша байқау тестін өтуді сұраймыз.

Сіздермен кездесуді асығумен күтеміз!

Құрметпен, Базалық Білім беру Институтының ұжымы!

 


 

1202
10 тамыз 2017
Наверх