Студенттік жатақханада кафедра күні өтті

Студенттік жатақханада кафедра күні өтті

Қ.И.Сәтбаев атындағы Өндірістік инженерия институтының «Робототехника мен автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасында көктемгі Наурыз мерекесі ерекше аталып өтіледі. «5В071600 – «Аспап жасау» мамандығының студенттері 21 сәуірде профессор-оқытушылар құрамымен бірлесе отырып, №3 жатақханада Кафедра күнін атап өтті.

Атаулы іс-шараға кафедра оқытушылары, ӨИИ-ның өкілдері және студенттер қатысты. Бұл мерекені студенттер кішігірім шоуға айналдырды: ән айтып, би биледі, күмбірлете күй шертті. Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін, іс-шараға қатысушы үлкен-кішінің барлығы мерекелік дастархан басына жиналып, дәстүрлі наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татты.  

кафедра

кафедра

319
10 мамыр 2017
Наверх