Талғар политехникалық колледжіндегі дөңгелек үстел

Талғар политехникалық колледжіндегі дөңгелек үстел

2017 жылдың 14 сәуірінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен Талғар политехникалық колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Колледждер мен ЖОО арасындағы өзара байланыс: әңгімелер, сұрақтар, пікірлер және ұсыныстар» тақырыбында аталған колледж базасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге университет тарапынан: «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының сеньор-лекторы, техника ғылымдарының кандидаты Сайын Бөртебаев, офис рекрутингі және бітіруші түлектердің бас менеджері Қанат Оразалиев, «Технологиялық кешендерді автоматтандыру және электроэнергетика» кафедрасының лекторы Толқын Малдыбаева, «Көтергіш - көлік машиналары және гидравлика» кафедрасының лекторы Нұрбол Камзанов қатысты. Сонымен қатар колледждің педагогикалық ұжымы мен басшылары және директоры қатысты.
Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен Талғар политехникалық колледжінің директоры Жұмағали Кибекбаев ашты.
 
Колледждің ғылыми-зерттеу және практикалық шығармашылығы, ЖОО-ды біртұтас әдістемелік негізде білім деңгейлерін қамтамасыз ету, оқытудың модульдік жүйелерін енгізу, колледждің базасында «Слесарь-жөндеуші» мамандығын ашу жөніндегі мәлелелер талқыланды.
 

 

467
21 сәуір 2017
Наверх