Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Ұлықпан Есілханұлы – 70 жаста!

Ұлықпан Есілханұлы – 70 жаста!

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ректоры аппараты басшысының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР педагогика ғылымдары академиясының академигі Ұлықпан Есілханұлы Сыдықов Қазақстан жоғары мектебінің кемелденуіне, республикамыздың техникалық жоғары білім беру жүйесінің заман талабына сай өркендеуіне білімпаздығымен, іскерлігімен, ізденімпаздығымен және шебер ұйымдастырушылық қабілетімен сүбелі үлес қосып келеді.

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында Ұлықпан Есілханұлы мерейлі 70 жасқа толып отыр. Мерейтой құрметіне орай ардақты Ұлықпан Есілханұлына мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, елімізде жастарға жоғары техникалық білім беру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу жолындағы игі еңбегінің арқасында әлі де талай-талай биік шыңдардан көрініп, сый-құрметке бөлене беруіне тілектеспіз! Отбасына аманшылық, береке-бірлік тілейміз!

 

Сәтбаев университеті

Маркетинг және коммуникация департаменті 

264
10 қаңтар 2018
Наверх