Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Жоғары оқу орындары ынтымақтастық жөнінде келісім жасады

Жоғары оқу орындары ынтымақтастық жөнінде келісім жасады

23 маусым күні Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ректоры Е. Қ. Бейсембетов пен Томск техникалық университетінің Ректоры П. С. Чубиктің кездесуі болып өтті. Кездесудің мақсаты – өзара тәжірибе алмасу және ТМД елдеріндегі ең ірі екі техникалық оқу орындары арасындағы ынтымақтастық байланысты нығайтудың мүмкіндіктерін арттыру. Кездесуде әңгіме диалог түрінде өрбіп, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу базасын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қарастырылды және бүгінгі күні орын алып отырған өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар энергетика саласындағы және бірегей материалдар өндірісіндегі инновациялық жобалар мен ғылыми зерттеулер туралы да сөз болды.

Кездесуге қатысқан екі жақтың өкілдері техникалық білім берудің сапасын арттыру барысындағы тәжірибелерімен және жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ алдағы уақыттағы өзара ынтымақтастық байланыстың шарттары мен мүмкіндіктерін де талқылап, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ҚазҰТЗУ өкілдері ТТУ-на ресми сапарға баратын болып келісті. Ал алғашқы қадам студенттермен алмасу және магистрлік білім беру саласынан басталмақ. «Біз бұл ынтымақтастық байланысқа аса көңіл бөлеміз, – деді өз сөзінде ТТУ-нің Ректоры, – өйткені екі жоғары оқу орны арасындағы, жалпы екі ел арасындағы байланыстың тамыры тереңде жатыр. Бұл байланыс Қаныш Имантайұлы Сәтбаев біздің университеттің студенті болғанымен, әрі ол университетіміздің ең үздік 5 түлегінің бірі екендігімен дәлелденеді».

Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, тарихи және дәстүрлі байланыстың маңыздылығын сақтау мақсатында Томск университетінде орнатылған Қ. И. Сәтбаевтың мүсіні ҚазҰТЗУ мұражайына сыйлық ретінде табыс етілді.

Кездесу соңында қонақтар ҚазҰТЗУ-нің инновациялық зертханаларымен және көрікті жерлерімен танысты.  

Искандер Калыбекович в Томском Техническом Университете

Искандер Калыбекович в Томском Техническом Университете

 

627
27 маусым 2017
Наверх