Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

24 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

81 жыл бұрын (1936) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі ӘДІЛОВ Қайыржан Нәукебайұлы дүниеге келді. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасын бітірген. 1968-1983 және 1986-1987 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының оқытушысы, доценті, профессоры. 1983-1986 жылдары - Кабул политехникалық институтының (Ауғанстан) оқытушысы. 1987-1994 жылдары - Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі. 1994 жылдан Қарағанды Жер қойнауын кешенді игеру институтының зертхана меңгерушісі.

Негізгі ғылыми еңбектері көмір кендерінің өндірістік технологиясын жетілдіруге арналған. Ол жер астынан кен өндірудің ағынды технологиясын жобалау теориясын жасап, кен өндіру үдерісі мен жүйелерінің беріктігін және қарқындылығын зерттеді.

Шахталар мен кеніштерді күкіртті газдардан арылту технологиясының физикалық-химиялық өлшемдерін анықтап, жер асты кен жұмыстарының экологиялық қауіпсіздігін негіздеді.  


 

Ақпарат көзі: inform.kz
701
25 мамыр 2017
Наверх