Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Шағын ГЭС-тердің пайдасы зор

Дүниежүзі  көз тігіп отырған Астанадағы  EXPO – 2017  мамандандырылған  көрмесінің «Нұр Әлем» павильонында күн, жел және су энергия  көздерінің тарихына, ерекшеліктеріне байланысты  жалпы мәліметтер, олардың қалай жұмыс істейтінін бейнелейтін көріністер жинақталған. Бірінші қабатта отандық 28  ғалымның балама  энергия көздеріне  қатысты ең озық жаңалықтары мультимедиалық құралдар арқылы көрсетілуде.

Осы ғалымдар арасында Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры, тех­ника ғылымдарының докторы, Қазақстан инженерлік ғылым акаде­миясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы Жүзбай Қасымбеков те бар.

Оның жәдігері «Деривациялық шағын гидроэлектростанса» деп аталады. Ерекшелігі – ол қолданыстағы ГЭС-тердегідей арнайы су қоймаларын салуды және су тазалайтын ірі көлемді тұн­дырғыштарды тұрғызуды қажет етпейді. Бұл жаңалық қазақстандық патенттермен және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) сертификатымен бекітілген. Біз Жүзбай Қожабайұлын әр өнертап­қыштың арманы болған дүние­жүзілік көрмеге қатысуымен құттықтап, онда көрсетілетін отандық жаңалықтар қалай таңдалғанын сұрадық.

Ақпарат көзі: aikyn.kz
539
14 тамыз 2017
Наверх