Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің профессоры халықаралық бизнес-семинарда баяндама жасады

    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ғалымдары Сәуле Мырзалиева, Қайрат Оспанов, Болат Құспанғалиев, Жүзбай Қасымбеков және Махамбет Құспангалиев Қазақстанда озық жасыл технологиялар жылжыту бойынша халықаралық бизнес-семинарға қатысты. Ұйымдастырушылар Baltic Cleantech Alliance Finpro-мен бірге Қазақстанда ресурс үнемдейтін технологиялар нарығын дамытуды қолдау, (су ресурстарымен басқару, суды дайындау және ағынды суларды тазарту, күн жүйесі, қалдықтарды кәдеге жарату және т.б. құрылыстар), ресурстар және энергияны тиімді пайдаланудың заманауи технологияларымен танысу семинардың негізгі міндеті деп шешті.
    Профессор Қайрат Оспанов семинарға қатысушылар алдында Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жағдайы туралы, «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламаны тарату туралы, сонымен қатар ұсынылған озық жасыл технологияларды Қазақстан жағдайында келешекте пайдалану туралы баяндама жасады.
    Форумның соңында біздің ғалымдар шетел мамандарына университет қабырғасында өткізілген ВИЭ саласында ғылыми-зерттеу жобалары туралы айтып, одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

   

1266
9 наурыз 2017
Наверх