Төлсипаттары

Мебиус лентасы

2003 жылдың 9 - желтоқсанында Қ. И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кеңесі Мебиус лентасының көлбеу айқастырылған түріндегі ерекше белгісін төлтаңба ретінде бекітті.

Бұл таңба көне заманнан белгілі. Скифтер мен сақтар жануарларды аяғын жоғары қаратып,бір бүйірлі жапырақ іспетті бейнелеген. Бұл белгі Қытайға жетіп геометриялық парақ түрінде абстрактылы формаға көшті. Одан соң арабтарға жетіп, олар Еуропаға апарды. Оның математикалық бейнесін неміс ғалымы Мебиус өрнектеді.

Логотип негізі- ортасынан жара жүргізілген сызығы бар "Мебиус лентасының" бүгінгі мәнісін белгілі сәулетші, политех түлегі Сәкен Нарынов ұсынған.

Лентаның бір жақ сары түсі Азияны, екінші көк-жасыл түсі Еуропаны бейнелейді. Ғалым инженерлер даярлайтын университеттің барлық мамандықтары үшін негізгі оқылатын пән сызба геометриясы және теориялық механика болып табылады, ол негізгі геометриялық кескін Мебиус лентасынан байқалады.

Осылайша Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің фирмалық белгісі әлем жаратылысы мен танымның шексіздігін, Еуразия кеңістігінің тұтастығын, инженерлік білімді және техникалық ғылымды бейнелейді.

Ой сала қарағанда ол адам алақанындағы білім бастауын (шам) бейнелейді.

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің туы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің туы – Университеттің логотипі, әнұраны сияқты негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі – ақ, ортасында университеттің логотипі орналастырылып, екі шетінде ұзына бойы ұлттық оюлармен кестеленген көк түсті жолақ өрнектелген. Ақ түс – тазалықтың, болашаққа деген сенімнің, жетіліп, дамудың нышаны. Университетте білім алушылар, ұстаз, қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынас таза, пәк, бітірушілердің жолы ақ болсын, университет әрқашан жетіліп, дами берсін деген ниетпен Ғылыми Кеңес шешімімен ақ түс таңдап алынған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Оюлар университеттің ұлттық статусын білідіреді.

 

ҚазҰТЗУ әнұраны

Өлеңі: Ұлықпан Сыдықов
Әні: Мұрат Құсайынов, Досым Сулеев, Данияр Құсайынов

Зерделі білім ордасы,
Елдің даңқын көкке асырған.
Жастар мен өнер-білім жол басы,
Алдымнан бақ боп ашылған.

Кен ашып дархан даламнан,
Сыр тартатын тылсым қашықтан.
Маманбыз, ҚазҰТУ-дан нәр алған,
Үмітпен алға асыққан.

Қайырмасы:
ҚазҰТУ —ардағым,
Алаулаған арманым,
Қанаттанып өзіңнен,
Болашаққа самғадым.

Жалынды жас шағым,
Арайланған ақ таңым,
Құшағыңнан қуат ап,
Өмір жолын бастадым,
бастадым.

Тамырын жайып жататын,
Ізгілік нұр сәуле шашатын.
Ғылымның даңғыл жолын ашатын,
ҚазҰТУ мәңгі жасасын.

Наверх