Тарихы

Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – еліміздегі алдыңғы қатарлы Жоғары оқу орны болып саналады. Оның құрылуы мен дамуы тарихын бес кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:

  • Университет 1934 жылы құрылып, 1934 - 1960 жылдар аралығында Тау-кен металлургия институты болып аталды.
  • 1960 - 1994 жылдары Қазақ Политехникалық  Институты болып аталды. 
  • 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие болды. 
  • 1999 жылы Университетк еинженерлік – техникалық мамандарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың аты берілді.
  • 2001 жылы 5 шілдеде ҚР Президенті Н. Ə. Назарбаевтың жарлығымен университетке ерекше мəртебе берілді. 
  •  

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетті тарихы Қазақстандағы инженерлік білім берудің бастауы ғана емес, мемлекетіміздің мәдени тарихымен астасып жатқандығы нкөрсетеді. 

 

ХХ-ғасырдың 30 жылдарында ауылшаруашылықта тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәселесі алда тұрды.

 

1933 жылдың 20 қазанында СССР дағы Халық Кеңесі Комиссарлар «Қазақстанға кадрлар даярлау» Қаулысымен Тау-кен-Металлургия институты мен оның екі Қазақстандағы Тау және Түсті металл факультеттері Алматы қаласынан ашылды. 

 

1934 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақ Тау-кен металлургия институтында тұңғыш оқу жылының қоңырауы соғылды.

Наверх