Миссия және стратегиясы

Мақсаты      

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті әртүрлі әлем елдерінің мамандары мен студенттерін біріктіретін халықаралық танымал, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесі болып қалыптасуда жоғары жетістіктерге жетуге талпынады. 


Миссиясы және міндеттері     

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті техникалық білім беруордасы бола тұрып, білімді мамандар даярлау арқылы қоғамның жаңа ұрпағын тәрбиелеу де,парасатты және кәсіби дамуына өз үлесін қосады.

 

Қ. И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың миссиясы келесі негізгі мақсаттарды орындау болып табылады:

  • Үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын ұсыну арқылы өз қызметін қоғамды дамытуға бағыттау;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі, күрделі ойлау, кәсіптік дағды мен шеберлікті жетілдіру арқылы оқушыларды дамыту;
  • Әртүрлі білім беру саласында студенттерді оқытудағы жоғары кәсіптік тәжірибені қолдану;
  • Еңбек нарығы үшін бәсекеге қабілетті техникалық мамандардың жаңа ұрпағын даярлау;
  • Әртүрлі мәдениет адамдарын құптайтын және қолдайтын, білімге талпыну, академиялық ықпалдастық пен зияткерлік ынталандыруға жағдай туғызатын орта қалыптастыру;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу,әлемдік озық тәжірибесі мен мамандар даярлауда өзбрендін дамытуға негізделген білім беру қызметін жүргізу;
  • Экономика және бизнес секторына мамандар даярлаудағы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында техникалық саланың мамандықтары бойынша еңбек нарығының талаптарына сәйкес «университет-индустрия» ынтымақтастығын дамыту;
  • Өмір бойы оқыту қағидасы бойынша мультимедиа, жаңа технологияларды қолдана отырыпоқуды ұйымдастыру,қосымша оқу және тренинг бағдарламаларын дайындау;
  • Техникалық және мәдени байланыстарды қолдау үшін білім сапасын жақсарту мақсатында басқа университеттермен, ұйымдармен ынтымақтастық орнату.

 

 (Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген, 2009 жылғы 31 наурыздағы № 5 хаттама)

Наверх